Бүгін Абай облысында оқушылар мен колледждердің студенттері қашықтан оқиды

29 қарашада Абай облысында мектеп оқушылары мен колледждердің 1,2 курс студенттері онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Абай облысында 29 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз күтілуде) І ауысымда мектеп оқушыларының 1-11 сыныптары және колледждердің 1,2 курс студенттері үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады, – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Синоптиктер 29 қараша күні Абай облысында 40 градусқа дейін аяз болатынын жазған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы