Бүгін 8 қалада метеожағдай жайсыз болады

2 қазан, дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады. BAQ.KZ бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы қалаларында, түнде Астана мен Петропавлда ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы