15 Желтоқсан 2023 2023, 08:05 Фото: архив

Бүгін 8 қалада ауа ластануы мүмкін

Бүгін еліміздің 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2023 жылғы 15 желтоқсанда Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Риддер, Петропавловск, Көкшетау, Павлодар қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, -делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.