Бүгін 7 облыста ауа райының бұзылатыны ескертілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша, 7 тамызда Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланып отыр.
Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік-батысында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерде солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, күші – 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.