Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 сәуірде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Қазгидромет мәліметінше, сенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған және Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. 

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы