Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 20 тамызда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жексенбіде Ақтөбе, Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз жағдайлары күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы