7 Желтоқсан 2024 2024, 06:30 Фото: архив

Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

2024 жылғы 7 желтоқсанда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Ақтөбе, Өскемен, Риддер қалаларында күтіледі, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.