8 Маусым 2022 2022, 07:32

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасының қандай болатынын хабарлады.

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасының қандай болатынын хабарлады.

8 маусымда Атырау, Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.