15 Тамыз 2024 2024, 07:58 Фото: архив

Бүгін  3 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК елдегі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК елдегі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 15 тамызда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, тек Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында ауа сапасы біршама ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.