11 Шілде 2026, 07:53
Фото: pixabay
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті.
11 шілдеде Алматы, Астана және Атырау қалаларында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді табиғи құбылыстардың жиынтығы. Мұндай жағдайда зиянды ластаушы заттар жерге жақын ауа қабатында жиналып, елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Ауаның ластану деңгейіне желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы және температура сияқты синоптикалық факторлар әсер етеді.
Мамандардың кеңесі:
- ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт болмауға;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартуға;
- өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге;
- ашық ауадағы дене жүктемесін шектеп, дене шынықтыру мен спортпен жабық спорт кешендерінде айналысуға кеңес беріледі.