Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
2025 жылғы 23 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында күтіледі, - делінген "Қазгидромет" РМК-нің хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент тапсырмасы: өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру, жоғары деңгейлі қайта өңдеуге ерекше назар аударылуда
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы