25 Желтоқсан 2024 2024, 08:10 Фото: архив

Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін елдің 11 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Бүгін елдің 11 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

2024 жылғы 25 желтоқсанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, түнде Қостанай қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.