Бұған дейін мәслихаттар бірде-бір рет таратылмаған – Петров

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров онлайн-семинар барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Аталған семинар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Орталық сайлау комиссиясы ҮЕҰ академиясының базасында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқауға бағытталған саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері үшін өткізіліп жатыр.

Қазақстан тарихында бұған дейін мәслихаттар бірде-бір рет таратылмаған еді. Бұл ерекшелік кезектен тыс сайлауға қатысты болып отыр. Біз, Орталық сайлау комиссиясы, мәслихаттар таратылғаннан кейін өз қаулымызбен Мәжіліс депутаттарын сайлау күніне мәслихаттар депутаттарын сайлауды тағайындадық, - деді ол.

ОСК төрағасының орынбасарының айтуынша, бұл кандидаттарды ұсыну, оларды тіркеу, үгіт-насихат жұмысының күндерін шатастырмау үшін қажет болған. Оның үстіне 2003, 2004 жылдарды есептемегенде бұл науқандар әрдайым бірге жүрген.  

Сондай-ақ Петров сайлаудың ерекшелігі жаңа заңнамалық нормалардың қабылдануында екенін еске салды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inform.kz
Өзгелердің жаңалығы