Буэнос-Айресте даяшылар жарысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі танымал қонақ үйлер мен мейманханалардың жүздеген даяшысы қолдарына шөлмек пен стақаны бар табақты ұстап, 1 жарым шақырымға жүгірді, деп жазды Хабар24.
"Тәртіп бойынша олар ыдыстарындағыны төгіп-шашпай мәреге жетуі тиіс. Сөйтіп, биылғы сайыста ерлер арасында Пабло Коронель ептілігін танытса, әйелдер арасында Ванеса Нуньес есімді бойжеткен бас жүлдені иеленді. Айта кетейік, Аргентинада бұл сайыс 1908 жылдан бері жалғасып келеді екен", - делінген тартылған ақпаратта.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мехикода америкалық әткеншек құлады: қаза тапқандар бар
Өзгелердің жаңалығы