14 Ақпан 2019 2019, 09:27
Будапештте ВІО белгісі бар қазақстандық өнімдер сатылуда
Астана, BAQ.KZ. Будапештте «ВІО» санатындағы супермаркеттерден Қазақстанда шығарылған өнімдерді сатып алуға болады. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.
Астана, BAQ.KZ. Будапештте «ВІО» санатындағы супермаркеттерден Қазақстанда шығарылған өнімдерді сатып алуға болады. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.
«Бүгін Будапешттің «ВІО» санатындағы азық-түлік супермаркетінен Қазақстанда шығарылған өнімді байқадық. Бұл санат өнім сапасының да, бағасының да жоғары екендігін әрі экологиялық таза екендігін білдіреді», - деп жазады Қазақстанның Венгриядағы елшісі Нұрбақ Рүстемов Facebook-тегі парақшасында.Елшінің айтуынша, бұл кішкене болса да Қазақстанның аграрлық секторының үлкен әлеуетінің көрсеткіші.
«Еуропа елдерінің азық-түлік импортының көлемі мен географиясын ескерсек, біздің кез келген өнімді сататын нарық үнемі болады. Прогресшіл технологияларды енгізіп, тазалық пен сапалылықты қамтамасыз етсек, жетіп жатыр», - дейді ол.
Нұрбақ Рүстемовтің айтуынша, Венгрияға Қазақстаннан мөңке балық та импортталады.