Будапештте «Абай орталығы» ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстанның Мажарстандағы елшілігінде «Абай орталығының» ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Іс-шараға Мажарстанның көрнекті қоғам қайраткерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, сол елдегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетін оқып жатқан және қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқан мажар студенттері қатысты.
Елші Жәнібек Әбдрашов өзінің алғы сөзінде орталықты ашудың мақсаты қазақ мәдениетін, өнері мен әдебиетін насихаттау, сондай-ақ қазақ диаспорасы өкілдері мен мажар студенттеріне қазақ тілі мен әдебиетін, сонымен бірге оларды ұлттық музыкалық аспаптарда оқытуда көмек көрсету болып табылатынын атап өтті.
Іс-шара барысында студент жастардың өкілдері Абайдың өлеңдері мен әндерін, сондай-ақ «Қара сөздерінен» үзінділерді қазақ және мажар тілдерінде оқыды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы