Бұдан былай жүргізушілер арнайы ұйымдарда ғана оқытылады

Жүргізу емтиханына өз бетінше дайындалу алынып тасталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жол жүрісіне қатысты заң жобасының ерекшелігін түсіндірді.

«Жол жүрісі туралы» заңда көлік жүргізушілерін оқытуға қатысты түсіндірмелер енгізілген. Енді оларды оқыту арнайы білім беру ұйымдарында ғана жүзеге асырылатын болады, яғни өз бетінше оқыту алынып тасталды.

Сонымен қатар оқу және емтихан тапсыру кезінде нұсқаушылар көлік жүргізушісі болып танылады. Ал қалаларда оқыту келісілген бағыттар бойынша және көлік жүргізуді үйрететін маманның (нұсқаушының) қатысуымен жүргізілуге тиіс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы