Бұдан былай жеке куәлікте қазақстандықтардың жынысы көрсетіледі

Қазақстанда жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер министрлігінің жобасы Ашық НҚА порталында жария етілді. Қоғамдық талқылаулар 21 мамырға дейін жалғасады.

Қазақстан азаматының жеке куәлігінің беткі жағында фотосы, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады. Ал артқы жағында штрих код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі мент қазақ және орыс тілдерінде туған жері, ұлты, азаматтығы көрсетіледі, - делінген порталда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы