Бұдан былай тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар заң жүзінде үйінен шығарылуы мүмкін

Бұдан былай тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарды тұрғын үйінен шығару заң жүзінде күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева мәлімдеді.

Айтуынша, жазаны қатаңдатумен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі жасалау себептерін де жою қажет.

Бүгінгі күні полиция – отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтын агрессорлармен де, сондай-ақ күш көрсетулердің құрбандарымен де бірлесіп әрекет етіп келе жатқан жалғыз ғана әлеуметтік институт. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру сияқты маңызды әлеуметтік күрделі проблеманы шешу құқық қорғау органдарына ғана емес, сондай-ақ басқа да орталық мемлекеттік органдарға, әсіресе, жергілікті атқарушы органдарға, азаматтық қоғам институттарына да тиесілі. Мәселен, біз қазір оның тек салдарымен күресіп жатырмыз. Өйткені ескерту шараларын қолдану тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады, - деді аға инспектор.

Белгілі болғандай, ресми статистика бойынша, Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасатыны туралы атап өткен жөн.

Әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері анықталды. 19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекстің денсаулыққа ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіру қылмысын жасауға байланысты жекелеген баптарға біліктілік белгісін енгіздік. Сонымен қатар Әділет министрлігімен бірлесіп қоғамдық жұмыстарды қолдану мәселелері пысықталуда. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған «агрессорларды» тұрғын үйінен заңмен шығару мүмкіндігі қарастырылуда. Көбінесе балалары бар жәбірленушілер жанжалдан оқшаулану үшін үйлерінен кетуге мәжбүр. Мұнда бізге мемлекеттік сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың дағдарыс орталықтары көмекке келеді. «150» қысқа нөмірлі ұлттық жедел желі де құрылды, - деп нақтылады Ақмарал Серікбаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы