Бұдан былай Астанада автобустар түнде де жүретін болады

Астана қаласында түнгі автобустар іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ CTS компаниясына сілтеме жасап.

Жазғы кезеңнің басталуымен, қаланы одан да ыңғайлы және қолжетімді ету үшін түнгі № 201, 202, 203 бағдарларын іске қосу жоспарлануда. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары енді түнгі уақыттарда, сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қалада оңай әрі жайлы қозғала алатын болады. Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасы мен жүру кестесі туралы толық ақпаратты іске қосуға жақын жариялаймыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы