Бублик пен Рыбакина әлемдік рейтингтегі орындарын сақтап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты, деп жазды Olympic.kz.
Қазақстан командасының үздігі Александр Бублик 39-орнын сақтап қалды. Михаил Кукушкин бес сатыға сырғып, 132-орынға тұрақтады.Ерлер арасында Новак Джокович (Сербия) көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Даниил Медведев, үшінші сатыда испандық Рафаэль Надаль.
Әйелдер командасының үздігі Елена Рыбакина 20-орында. Юлия Путинцева 35-сатыға оралса, Зарина Дияс ТОП-100 қатарынан шығып қалды.
Рейтингте австралиялық Эшли Барти көш бастап тұр. Екінші орында жапониялық Наоми Осака, үшінші сатыда Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы