ҰБТ өткізуге дайындық толығымен қамтамасыз етілуі тиіс – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауы қажет. Бұл туралы Асқар Мамин Үкімет отырсында айтты.
Премьер-министр 2017 жылдан бері тестілеу еркін түрде және ЖОО-ға түсетіндер үшін ғана өткізіліп келе жатқанын айта келе, биыл мұндай түлектердің саны 117 мыңнан асатынын жеткізді.«Білім министрі атап өткендей университеттерден ақылы бөлімге түсетін үміткерлерге тестілеу өткізілді. Ал, 20 маусымнан бастап білім беру грантын алып, мемлекет есебінен оқығысы келетіндер үшін тестілеу басталады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық толығымен қамтамасыз етілу керек. Білім және ғылым министрлігінің міндеті тестілеу өткізетін барлық жерлердің жұмысын үйлестіру. Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауы қажет. Талапкерлерді тексеруді әдептілікпен әрі жедел жүргізу қажет. Оқушылардың осы шараға қатысуын ұйымдастыру мәселелерін бақылауға алуды әкімдерге тапсырамын», - деді Асқар Мамин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада дуатлоннан ашық қалалық турнир өтеді
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы