ҰБТ: Санитарлық талаптар қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналистердің қатысуымен өткен онлайн брифинг барысында мектептердегі түрлі ақылы олимпиада, жарыстарға оқушыларды мәжбүрлі түрде қатыстыру мәселесіне тоқталды.

Егер оқушыны қандай да бір олимпиадаға қатысуға мәжбүрлеп жатса, онда тиісті құзырлы органдарға шағымдану керек. Тек осы механизм арқылы ғана бұл мәселені шеше аламыз. Біріншіден, біз түрлі ақылы олимпиадаларды қолдамаймыз деген ұстанымдамыз. Екіншіден, егер ол ақылы олимпиада болса, онда мектеп қабырғасында жүргізілмеуі керек. Елімізде 20 мың ұйым бар, оларда түрлі жағдай болуы мүмкін. Егер қандай да бір мәселе туындаса, тиісті органдарға шағымдану керек. Бұл бағытта қазір біраз алға жылжу бар, - деді министр. 
Асхат Аймағамбетов биыл ұлттық бірыңғай тестілеу белгіленген мерзімде өтетінін айтты. Оның мәлімдеуінше маусымның соңы мен шілденің басы аралығында өтетін тестілеуге қазіргі таңда дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 
Алдағы аптаның сейсебісінде өтетін аппарат отырысында ҰБТ-ға дайындық барысын толыққанды талқылайтын боламыз. Әрине,  ҰБТ-ны өткізу кезіндегі санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге айрықша назар аударылады. Балалар арасындағы арақашықтық нақты белгіленіп, аудиториядағы бала саны да азайтылады. Маска, респираторлар сынды қорғаныш құралдарын тағу міндеттеліп, аудиторияны желдету жұмыстары іске асырылады. Биыл құжат тапсыру толықтай электронды түрде  өтті. 131 мың бала ҰБТ тапсыруға құжаттарын электронды түрде тапсырды. Биыл ҰБТ еліміз бойынша 144 пунктте өткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Бірқатар пункт елді мекендерде екені белгілі. Ауылды жерлерде коронавирус инфекциясын жұқтыру фактісі тіркелмеді, дегенмен, белгілі бір санитарлық шаралар ол жерлерде де жүргізіледі, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы