Брюссельде футбол жанкүйерлері тәртіпсіздік орнатты
Қатарда футболдан әлем чемпионатында сынға түскен Бельгия мен Марокко ойыны Бельгиялық команданың жеңілісімен аяқталғаннан кейін ел астанасы Брюссельде жанкүйерлер бүлік шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Оларды тарқату үшін полиция көз жасаурататын газ бен су атқыштарды қолданды. Жергілікті билік тұрғындарды шаһар орталығына шықпауға шақырды. Ал аймақтағы бірнеше метро, автобус пен трамвай стансалары уақытша жабылды. Мамандар оқиғаға қатысты жауаптыларды анықтап жатыр.
Қақтығыс үзіліс кезінде басталды. Тәртіпсіздікті кім бастағанын білмеймін. Өзіміз де аң-таң болдық. Бұл ойын ғой, оны қабылдай білуіміз керек, - деді жергілікті тұрғын Абделла Нади.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада жыл басынан бері 23 жылы аялдама салынды
Өзгелердің жаңалығы