Брюссель Израильден Газаға азық-түлік жеткізуді жеделдетуді сұрады

Еурокомиссия Израильге гуманитарлық көмектің Газа секторына өтуін жеңілдету туралы өтініш жасады. Комиссияның айтуынша, қазіргі бюрократиялық кедергілер азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге тосқауыл болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Қазір Израиль күніне шамамен 300 жүк көлігін өткізеді — бұл бейбіт жоспар бойынша белгіленген көлемнің тек жартысы ғана. Ел билігі мұндай шектеулерді ХАМАС ұйымының қаза тапқан тұтқындардың денелерін қайтару жөніндегі міндеттемесін орындамауымен түсіндіреді.

Аймақта бейбіт келіссөздер басталған тұста, Израильге қарсы санкция енгізу идеясы Еуроодақ ішінде қолдауын жоғалтып келеді. Еуропалық БАҚ мәліметінше, Еуроодаққа мүше елдердің басым бөлігі Еурокомиссияның жалпы құны шамамен 6 миллиард еуро болатын сауда келісімдерін тоқтату жөніндегі ұсынысын қолдауға дайын емес.

Брюссель Израильді гуманитарлық міндеттемелерін орындауға шақырып, саяси жағдайға қарамастан, Газа тұрғындарының бәріне азық-түлік пен медициналық көмектің қолжетімді болуы тиіс екенін баса айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы