Британияның Нортгемптон қаласын су басты

Толассыз жауыннан британиядағы Нортгемптон қаласында тасқын жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Көшелер көлге айналып, ондаған үй су астында қалды. Көлік қозғалысы тоқтап қалды. Ондаған әуе рейсі кейінге шегерілді. Тасқын қаупі туралы Англия мен Уэльсте 200-ден аса ескерту жасалған. 

Жергілікті метеорологиялық қызмет енді Шотландияның солтүстігінде екпінді жел соғатыны туралы хабар таратып отыр. Кеше ғана Уэльсте де тасқын жүрген еді. Оған Берт дауылынан кейінгі тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы