Британиялық фермер өсімдік бұтағынан жиһаз өсіруді қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерекше бұйымның дайындығы көп уақыт алғанымен, клиенттер күтуге әзір, деп хабарлайды 24.kz.

Биыл өнім мол жиналыпты. Санға салсақ, 250 орындық пен 50 үстел жасалған. Гэвин Манро есімді шаруа мұндай идеяның екі жерден келгенін айтады. Оның бірі – бонсай деп аталатын жапон өнері болса, енді бірі жеке мұқтаждықтан туған. Себебі ол арқасы қисық болып туыпты. Сондықтан бірнеше жыл бойы ол арнайы белбеу тағуға мәжбүр болған. Нәтижесінде арқасы оқтаудай түзеліп, қалпына келген. Осыдан кейін шаруа бұл істі қолға алып, 2012 жылы жарымен бірге Full Grown компаниясын құрады. Алғашында қиындықтарға тап болғанымен, уақыт өте ісі оңала бастайды. Қазір Манро өндіріс көлемін арттырып, жаңа формаларды іздестіруді кірісіп кеткен.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы