Британияда премьерлікке үміткерлер арасында тартыс қызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда жаңа премьер-министрдің орнынан дәмелі 5 кандидат арасында саяси тартыс қыза түсті. 

Жуырда үміткерлер арасында екінші теледебат өтті. Әр үміткер Консерваторлар партиясының көшбасшысы әрі Үкімет басшысы болуға лайықты екенін дәлелдеуге барынша тырысты. 

Әзірге 5 саясаткердің ішінде елдің бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак депутаттардың басым дауысына ие. Осы аптада үміткерлердің саны 2-ге дейін қысқарады. 

Кейін Консерваторлар партиясының мүшелері біреуін таңдайды. Нақты шешім қыркүйектің 5-і жарияланады. Борис Джонсонға қатысты дау-дамайдан кейін британдықтардың консерваторлар партиясына деген сенімі азайды. 

Қоғам арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес қазір оппозициядан Лейбералистер партиясына көрсетілген қолдау басым екені байқалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы