Британияда премьер кім болатыны күзде анықталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда Консервативтік партияның жаңа басшысы, яғни жаңа премьер-министрдің есімі қыркүйектің 5-і күні белгілі болады. 

Бұл туралы партияның басқарушы комитетінің жетекшісі Грэм Брейди мәлімдеді. 

Партия ішіндегі сайлаудың алғашқы екі раунды осы аптада өтеді. Оның бірінші кезеңінде үміткер кем дегенде 20 депутаттың қолдауына ие болуы тиіс. 

Ал екінші турда сайлаушылардың 30 пайыз дауысын жинауы қажет. Осыдан кейін 21 шілде күні алдыңғы 2 раундтан өткен 2 үміткер сайысқа түседі. Қазір саяси додаға 11 үміткер тіркелген.

 Еске сала кетейік, Ұлыбританияда өткен жұма күні Борис Джонсон премьер-министр лауазымынан кететінін мәлімдеді. 

Оған партия өкілі Крис Пинчерге қатысты жанжал түрткі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы