Британияда компаниялар төрт күндік жұмыс аптасына көшті
Ұлыбританияда бірнеше компания 4 күндік жұмыс аптасына көшті. Бұл туралы жергілікті сарапшылар мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызметкерлердің орташа жұмыс уақыты 7 сағатқа қысқарған. Бұл аптасына 32 сағатқа тең. Зерттеу жұмысына 60-тан астам британдық ұйым қатысқан. Компания жетекшілері жаңа кесте қызметкердің физикалық және психикалық денсаулығына оң әсер еткенін дәлелдеді. Қатысушылар шаршау мен жұмысқа қатысты ешқандай шағым айтпаған.
Мамандар бұл бастама адамдардың жұмыс пен жеке өмірді тең ұстауына мүмкіндік береді дейді. Мұндай заң Шотландия мен Бельгияда да күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы