Британияда ереуілдерге қарсы жаңа заң қабылданды
Ұлыбританияда қарсылық акция ұйымдастыратындарға жауапкершілікті қатаңдату бойынша жаңа заң қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әсіресе эко-белсенділердің наразылыққа шығып, білгендерін істеуге шектеулер қойылды.
Заңға сәйкес, полицияның өкілеттілігі артты. Енді жолды жауып, көлік қозғалысына кедергі болған адамдарды тәртіп сақшылары күштеп тарата алады.
Соңғы жылдары елде әр түрлі наразылық акциялар жиілеп кеткен. Адамдар автокөліктердің жүрісіне және түрлі құрылыс жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтірген. Сарапшылар заңды қатаңдату адам құқығын бұзады десе, билік өкілдері бұл мәжбүрлі шара деп кесіп айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТОП-10 туристік аймақ: Қазақстанда жазда қайда демалуға болады?
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы