Британияда ауруханалар коронавирусқа дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда ауруханалар коронавирусқа дайындалып жатыр. Елде соңғы уақытта вирус қайта өршіді.
Бұл туралы Хабар24 жазды.
Мамандар науқастар саны сәуір айындағы көрсеткішке жете ме деп алаңдап отыр. Қазір Ұлыбритания аумағында омикронның екі өзгерген түрі кеңінен тарап жатқан көрінеді.
Вирусты екпе салдырған тұрғындар да жұқтырған. Үндістанда да жағдай ушығып тұр. Кеше 16 мың тұрғыннан вирус анықталды. Бірақ кеселден емделіп шығып жатқандардың көрсеткіші де жоғары. Үндістан ковид-19 ең көп таралған елдің бірі.
Қазірге дейін вирус жұқтырғандар саны 43 миллионнан асады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы