Британияда AstraZeneca вакцинасынан кейін тромбоздың 30 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның дәрілік заттар мен медициниалық бұйымдарды реттеу агенттігінің мәліметіне сәйкес, елде коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасынан кейін тромбоздың 30 жағдай тіркелді, деп жазды interfax.ru.
Бұған дейін британиялық реттеуші орган салынған 11 млн екпенің бесеуі ми тромбозымен аяқталғаны туралы хабарлаған болатын.
Кеше ми тамырлары тромбозының тағы 22 жағдайы тіркелді, ал тағы сегіз жағдай өзге орган тромбоздарымен байланысты. Елде барлығы 18,1 млн AstraZeneca вакцинасының дозасы егілді.
Агенттік BioNTech SE және Pfizer Inc вакциналарынан кейін мұндай жағдайлардың тіркелмегенін айтады.
Кейбір ел AstraZeneca тромбозбен байланысынан вакцинациялауды тоқтатқан болатын. Алайда Еуроодақ елдерінің біразы елде эпидемиологиялық жағдайдың ушығуымен және вакцинаның жетсіпеушілігі себебінен егу жұмыстарын қайта бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Денсаулыққа зиян келтірместен күніне қанша жұмыртқа жеуге болады
Келесі жаңалық
Елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебіне 25 жыл толды
Өзгелердің жаңалығы