Британия премьер-министрі құпия түрде үйленіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен оның келіншегі Кэрри Симондс құпия түрде үйленді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін үйлену тойы 2022 жылдың шілдесіне жоспарланған деп хабарланған болатын.
The Sun газетінің хабарлауынша, тойға тек 30 қонақ қатысқан. Олардың арасында Джонсонның ұлы Симондс Вилфред бар. Күйеу мен қалыңдық қызыл кілемнен классикалық музыка әуенімен өтіп, бір-біріне жұбайлық анттарын берді.
Куәгерлердің айтуынша, той 1,5 сағатқа созылған.
Бұл Британия премьер-министрінің үшінші некесі. Борис Джонсон мен оның келіншегі Кэрри Симондс 2020 жылдың сәуірінде ұлды болған. Оның есімі - Вильфред.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда вакцина алғандарға қағаз анықтамалар беріледі
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы