Британдық ханзада Эндрю Йорк герцогы атағынан өз еркімен бас тартты
Британдық ханзада Эндрю Йорк герцогы атағынан өз еркімен бас тартты. Бұл туралы Букингем сарайы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Марқұм патшайым Елизавета II-нің екінші ұлы және қазіргі патша Чарльз III-нің інісі өзінің шешімін корольмен жеке әңгімеден кейін қабылдағанын айтты.
Мен енді Йорк герцогы атағын және маған берілген өзге де құрметті атақтарды пайдаланбаймын, - делінген ханзаданың мәлімдемесінде.
BBC мәліметінше, Эндрю ресми түрде «ханзада» мәртебесін сақтап қалады, алайда герцог атағы мен онымен байланысты артықшылықтарынан бас тартады.
Эндрю Йорк герцогы атағын анасы Елизавета II-ден алған болатын. Соңғы жылдары ол америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейн ісіне байланысты бірқатар жанжалдардың ортасында қалды. Бұған дейін ханзада әскери және қоғамдық құрметті атақтарынан айырылған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТЖМ тікұшағы нәрестені шұғыл түрде Астанаға жеткізді
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы