"Британ кварталындағы" өрттің неден шыққаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті "Британ кварталындағы" өрттің шығу себебін түсіндірді.

«Британ кварталындағы» өрттің себебі - өрттен сақтандыру  жұмыстарын жүргізуде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау болып отыр. «BI Servis» ЖШС жұмысшылары үй шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оның айтуынша, тұрғын үй ғимаратындағы өрт сөндіру жүйесі жұмыс істейді, алайда өрт сөндіру құрылғысы шатырға орнатылмаған.

Айта кетейік, осыған дейін елордадағы элиталық үйлердің бірі - «Британ кварталында» өрт шыққандығы туралы жазылған болатын. 

Өрт Алматы ауданының Сарқырама қиылысындағы 6 қабатты үйден шыққан. Оқиға туралы ақпарат кешкі сағат 19.39-да түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде шатырдағы қызыл жалын шамамен 100 шаршы метр аумақты қамтып үлгерген. Үй тұрғындары төтенше жағдайлар саласының өкілдері келіп жеткенше өз бетінше қауіпсіз жерге эвакуацияланған. 

Өртті сөндіруге елордалық төтенше жағдай департаментінің 67 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 3 адамнан тұратын Апаттық медицина орталығы бригадасы, полициядан 8 адам мен 3 техника және жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Өрт шамамен 4 сағатта толықтай сөндірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы