«Бриллиантовая рука болдым». Жұлдыз Әбдукәрімова сахнадағы жағымсыз жайт туралы айтты

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Жетісай драма театрында «Қара шекпен» пьесасын қою барысында оңбай құлағанын, десе де алған жарақатына қарамастан қойылымды соңына дейін жеткізгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеше Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «Қара шекпен» пьесасының премьерасы өтті.

Құрметті Жетісай жұртшылығына зор құрметпен алғыс айтамын. Кешегі премьерада зал лық толы болды. 20 күн қобалжып, дамылсыз дайындығымыздың нәтижесі халқымның дәл осы қол соғуымен бағаланды деп білем, - деді актриса.

Әбдікәрімова қойылым барысында жағымсыз жайттардың болғанын атап өтті. Сөзінше, ол сахнада қатты құлап қалған. Салдарынан жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.

Сіздерге білдіртпейтін жайттар да болып жатты. Бірінші акттан кейін аяғым тайып, оңбай құладым… Десе де көзі өткір көрермен бәрін байқайды. Екінші бөлімде көзім қарауытып, жаныма батып тұрған ауруға әрең шыдадым. Жедел жәрдем тез жетіп, обезболивающий тамырымнан тамызып, сахнаға қайта жүгірдім. Ет қызуымен, дәрінің күшімен қойылымды аяқтап, ауруханаға барып, қол-аяғымды таңдырып алдым. Еркелеуге уақыт жоқ. Дәстүр бойынша премьерадан кейін алдыңғы буын мамандардан сын естіп сабаласың, мақтау естіп марқаясың. Бәрін де қасқайып тұрып көтересің. Бұл да театр әлеміндегі тәрбие деп білем .Жаныма ауру батып барады. Түр бермеу маңызды. Бриллиантовая рука болдым. Ештеңеге қарамай бүгін сіздерді сахнада күтемін, - деп түйіндеді Әбдікәрімова.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова 2018 жылы «ең үздік әйел рөлі» номинациясын иеленді. Сонымен қатар «Mrs.Universe 2020» байқауының жеңімпазы атанды. Жұлдыз актерлік мансабынан бөлек, «Сезін» атты кітабын жарыққа шығарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Өзгелердің жаңалығы