БРИКС елдерінің көшбасшылары Трамптың сауда саясатын талқыламақ
БРИКС-ке мүше мемлекеттердің басшылары 8 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамптың сауда саясатына қатысты виртуалды кездесу өткізеді. Бұл туралы Bloomberg дереккөздеріне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуді Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва ұйымдастырады. Ол саммит барысында көпжақтылық принципін қолдауға шақырмақ.
АҚШ пен Үндістан арасындағы соңғы сауда даулары БРИКС ішінде ерекше назарға іліккен. Бұған дейін Трамп Ресей мұнайын сатып алғаны үшін Үндістан тауарларына 25% қосымша баж енгізу туралы жарлыққа қол қойған, ал кейін бұл көрсеткішті 50%-ға дейін арттыруды ескерткен еді.
Соған қарамастан, Үндістан арзан ресейлік мұнайдан бас тартпайтынын мәлімдеп отыр. Ел билігі мұны инфляцияны тежеудің маңызды құралы деп санайды.
Bloomberg деректеріне сәйкес, бұған дейін Дональд Трамп Үндістан премьері Нарендра Модимен бірнеше рет сөйлеспек болғанымен, ол қоңырауларға жауап бермеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда бес шақырымдық жаңа метро желісі бой көтереді
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы