Брейкингтен Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Оқушылар сарайында өткен спорттық шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, «Спортты дамыту дирекциясының» басшысы Маратбек Мықтыбеков, ҚР ҰОК бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиев және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Екі күнге созылған би сайысында 700-ден астам «көше спортының» өкілдері бақтарын сынап, Кубоктің көркін қыздырды.

Кубок еліміздің ең үздік бишілерінің басын қосты. Бүгінде Олимпиадалық ойындарының бағдарламасына кірген спорттың бұл түріне елімізде де қызығушылық өте зор. Сондықтан, Парижде өтетін төртжылдықтың додасына біздің елдің бишілері фавориттердің бірі ретінде қатысып, бас жүлдеге таласады, - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, спорттың бұл түрі бүгінде елімізде қарқынды дамып келеді. Қазақстанда барлығы 1350 шақты би мектептері бар. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан бөлек, брейк-данс Атырау Өскемен облыстары мен Шымкент қаласында да қарқынды жұмыс істейді. Ал Қазақстан кубогында үздік сегіздікке өткен спортшылар автоматты түрде ұлттық құрама сапына кіреді.

Қазақстан кубогінің иегерлері: 
- 5-6 жас (ұлдар) соло - Макар Каракулов 
- 7-10 жас (ұлдар) соло - Әли Күнжуманов Мұхамед
- 7-10 жас (қыздар) соло - Полина
- 11-13 жас (ұлдар) соло - Вадим Панков (Vadyarock)
- 11-13 жас (қыздар) соло - Айзара 
- 14-15 жас (ұлдар) соло - Әділет 
- 14-15 жас (қыздар) соло - Дәмелә Дәуіт (Didi)
- 16+ кәсіпқой (ерлер) соло - Владимир Кальмиус (Kalmius)
- 16+ кәсіпқой (қыздар) соло - Dala G.

Қазақстан кубогін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Спорттық би федерациясының қауымдастығы ұйымдастырды.

Брейкинг - 1970 жылдары афроамерикалық және пуэрто-риколық жастардың АҚШ-та құрған спорттық үлгідегі көше биі. Бүгінде брейкинг 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіреді. Ал Қазақстан құрамасының өкілдері халықаралық аренада үздіктердің бірі саналатындықтан Олимпиада ойындарында артылып отырған үміт зор және максималды лицензияларды қанжығалаймыз деп күтілуде.Еліміздің брейкерлері Қазақстанда ғана емес, әлемдік додаларда да әрдайым жүлдегерлер қатарында.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы