Отандық спортшы Брестегі турнирде алтын жүлдені еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусьтің Брест қаласында жүзуден халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшылар 4 қашықтық бойынша финалға өтіп, Диана Злобина алтын жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы 400 метрге кешенді әдіспен жүзуден бірінші орын иеленді.
Ол Беларусь өкілдері Елизавета Радюк пен Оксана Большакованы артта қалдырған.
100 мертрге еркін әдіспен жүзуден Қорлан Әмірханова бесінші орын иеленсе, 100 метрге шалқалай жүзуден Анастасия Резванцева төртінші сатыда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенат депутаты Айгүл Қапбарова ант берді
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы