Brent мұнайының бағасы барреліне 107 доллардан асты
27 сәуірде мұнай бағасы өсуін жалғастырды.
Brent маркалы мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты үміттің әлсіреуіне байланысты барреліне 107 доллардан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Reuters мәліметінше, дүйсенбі күні таңертең, 27 сәуірде, тараптар арасындағы бейбіт келіссөздердің қайта жанданатынына деген сенімнің төмендеуіне байланысты мұнай котировкалары өсе түскен.
Brent фьючерстері 2,16 долларға немесе 2,05%-ға қымбаттап, барреліне 107,49 долларға жетті. Ал америкалық West Texas Intermediate маркалы мұнай бағасы 1,77 долларға немесе 1,88%-ға өсіп, барреліне 96,17 доллар болды.
Еске салайық, Иран АҚШ-қа делдалдар арқылы келіссөздің үш кезеңнен тұратын формуласын ұсынған. Al Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, бірінші кезең соғысты тоқтатуға және Иран мен Ливанға қарсы әскери әрекеттердің қайталанбайтынына кепілдік алуға бағытталуы тиіс.
Келісімге қол жеткізілген жағдайда, тараптар екінші кезеңге өтіп, онда соғыс аяқталғаннан кейін Ормуз бұғазын қалай басқару мәселесін Оман тарапымен үйлестіре отырып, «жаңа құқықтық жүйе қалыптастыру» аясында талқылайды делінген.
Үшінші кезеңге – Иранның ядролық бағдарламасын талқылауға – бірінші және екінші кезеңдер бойынша келісім жасалмайынша өтпейтіні атап өтілген.
- Трамп Канадаға жаңа 50% баж салығын енгізуді үш күнге кейінге қалдырды 05:18
- Қарағанды облысында азық-түлік бағасын көтерген 155 кәсіпкер жауапқа тартылды 04:27
- Швейцария Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті 03:40
- Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім аман-есен табылды 02:34
- «Ауыл» партиясы агросекторға арналған бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды 01:38
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 312-ге жетті 01:29
- Respublica: Жақсы жалақы, баспана, білім мен медицина халыққа қолжетімді болуы тиіс 00:46