Brent мұнайы қымбаттады: баррелі 94 доллардан асты
Апта қорытындысы бойынша Brent мұнайы 6,39 пайызға, WTI 5,66 пайызға қымбаттады. Екі мұнай маркасының да бағасы 24 шілдеден бергі ең жоғары деңгейге жетті.
Әлемдік мұнай бағасы 21 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша өсті. Бұған Таяу Шығыстағы мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдердің сақталуы әсер етті.
Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 94,39 доллар, ал америкалық WTI мұнайы 87,06 доллар деңгейінде сауданы аяқтады.
Апта қорытындысы бойынша Brent мұнайы 6,39 пайызға, WTI 5,66 пайызға қымбаттады. Екі мұнай маркасының да бағасы 24 шілдеден бергі ең жоғары деңгейге жетті.
Мұнай бағасының өсуіне Ираннан мұнай жеткізілімі қысқаруы мүмкін деген алаңдаушылық әсер етті. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен саудасын жалғастыратын елдерге санкция салу мүмкіндігі туралы мәлімдемесі себеп болды.
Сонымен қатар Ормуз бұғазы арқылы теңіз тасымалының шектелуі де нарықтағы алаңдаушылықты күшейтіп отыр.
Алайда АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері және Венесуэладан келетін балама мұнай жеткізілімдерінің артуы бағаның одан әрі өсуін ішінара тежеп отыр.