11 Наурыз 2026, 00:30
Фото: freepik
Brent мұнайы барреліне 82 долларға дейін төмендеді
Бұл жағдай АҚШ энергетика министрі Крис Райттың Х әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасымен байланысты болды.
Сейсенбі күні таңертең Brent маркалы мұнайдың бағасы бір сағат ішінде барреліне 94 доллардан 82 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Бұл жағдай АҚШ энергетика министрі Крис Райттың Х әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасымен байланысты болды.
Жазбада министр Ормуз бұғазы арқылы мұнай танкерінің сәтті жеткізілгенін атап, АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциялары кезінде әлемдік энергетиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететіні айтылған. Кейіннен бұл жазба x-тен алынып тасталған.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай ақпарат нарықта бірден теріс реакция тудырып, мұнай бағасының күрт төмендеуіне әсер етті.
Алайда Крис Райт бұрын жариялаған хабарламасын әлеуметтік желіден өшіріп тастады. Жарты сағат ішінде өшірілген жазбаға министрден қосымша түсініктеме берілген жоқ.