16 Маусым 2021 2021, 10:05
Brent маркалы мұнай бағасы соңғы 2 жылда алғаш рет 74 доллардан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Брент маркалы мұнай 2019 жылдың сәуірінен бері алғаш рет 74-тен астам долларға бағаланды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Брент маркалы мұнай 2019 жылдың сәуірінен бері алғаш рет 74 долларға бағаланды, деп жазды Хабар24.
Бұған сауда-саттықтың соңғы мәліметі дәлел. Ал WTI маркалы қара алтын баррелінің құны 72 долларға қымбаттады, яғни 2 пайызға өсті.
Сарапшылар әлемдік мұнай бағасының артуын барыс-келіске рұқсат берілуімен түсіндіреді.
Осыған дейін Халықаралық Энергетика агенттігі мұнайға сұраныс деңгейі 2022 жылдың аяғына қарай дағдарысқа дейінгі межеге жетеді деп болжаған болатын.