Енді бренд заттардың түп нұсқасы мен көшірмесін анықтау оңай болады

Алматы, BAQ.KZ. Entrupy стартапын жасаушылар қымбат заттардың түпнұсқасы мен көшірмесін анықтай алатын жасанды интеллект ойлап тапты. Бұл туралы Hypebeast хабарлады.

Entrupy – бұл жасанды интеллект алгоритімімен жұмыс істейтін қосымша. Қалтаға салып жүруге болатын бұл құырлғымен сауда орындарында кең тарап кеткен заттардың көшірмесін анықтауға болады. 

Қандайда бір бренд затты алар кезінде тауарды сканерлеу қажет, мәселен сөмкенің логотипін, жазуларын, белгісін фотоға түсіресіз де  қосымшаға саласыз. 4 секундтың ішінде ол заттың түпнұсқа немесе көшірме екендігін анықтап береді. Құрылғыны ойлап табушылардың айтуынша, қосымшаның нәтижесі 99% дәл келеді екен.

Қазір қосымша тек 15 брендтің заттарын анықтай алады, олардың қатарында Balenciaga, Chanel, Dior, Fendi, Gucci, Hermès и Louis Vuitton сияқты әлемге әйгілі компаниялар бар. Алдағы уақытта бұл стартап үкіметтік ұйымдар мен сауда желілерімен де ынтымақтаса жұмыс істейтін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы