Бразиялияда төтенше жағдай жарияланды

Бразилияның оңтүстігінде алапат дауыл соғып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Әзірге зардап шеккендердің саны анықталып жатыр. Қазір елдің бірнеше қалаларында төтенше жағдай жарияланды. Жолдар шайылып, көліктер су астында қалып жатыр. Адамдар көшеде қайықпен жүруге мәжбүр. 

Өзен-көлдер арналарынан тасып, жүздеген үйге қауіп төніп тұр. Қазір жергілікті құтқару қызметі, су ағысын тоқтату үшін бөгеттер жасап жатыр. Келтірілген шығын көлемі көп, - дейді мамандар. 

Эвакуациялынған тұрғындарды спорт кешендеріне орналастырып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы