Бүгiн 2026, 00:33
Фото: Жаир Болсонаро / @JairMessiasBolsonaro Facebook парақшасынан алынды
Түрмеден – ауруханаға: Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаро ауыр халде
Ол дене қызуының жоғарылауы және дем алысы қиындаған соң ауруханаға жеткізілді.
Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, төңкеріс жасауды жоспарлағаны үшін түрмеге жабылған Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаро бронхопневмониямен жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
DF Star ауруханасының құжатына сәйкес, 70 жастағы Жаир Болсонаро 13 наурыз күні таңертең жоғары қызба, қалтырау және дем алысының қиындауымен ауруханаға жатқызылды.
Аурухананың емдеуші дәрігерлерінің бірі бұрынғы президенттің жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.
Жаир Болсонаро 2019 жылдан 2023 жылға дейін Бразилия президенті қызметін атқарды. Болсонаро 2022 жылғы президент сайлауында қазіргі президент Луис Инасиу Лула да Силвадан жеңілгеннен кейін төңкеріс жасауды жоспарлағаны үшін 2025 жылдың қараша айынан бері 27 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп келеді.