Бразилияның бұрынғы президенті түрмеге қайта жеткізілді

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару ауруханадан шығарылып, түрмеге қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ G1 порталына сілтеме жасап.

Сотталған экс-президенттің қорғаушылары гуманитарлық негізде үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш түпкілікті қаралғанға дейін оны ауруханада қалдыруды сұраған. Алайда Бразилия Жоғарғы сотының судьясы Александр де Мораес бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Болсонару ауруханада бірнеше операциядан өткен. Ол екі жақты шап жарығы мен ұзақ уақыт мазалаған ықылықты емдеу мақсатында хирургиялық араласуға ұшыраған.

G1 мәліметінше, экс-президенттің жұбайы Мишель Болсонару оның түрмеге қайтарылар алдында аурухана аумағынан кетіп қалған. Ол ғимарат алдында жиналған жақтастарына қол бұлғап қоштасқан.

Еске салайық, Жаир Болсонару қазіргі президент Луис Инасиу Лула да Силваға қарсы мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айыппен 27 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Mateus Bonomi / Reuters
Өзгелердің жаңалығы