Бразилиядағы бөгет жарылысы құрбандарының саны 65 жетті
Астана, BAQ.KZ. Қаза тапқан 35 адамның жеке тұлғасы анықталды. Бұл жөнінде ТАСС порталы хабарлайды.
Бразилияның оңтүстік-шығысында су бөгетінің жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны 65 адамға жетті.
Бұған дейін қайғылы оқиғадан 60 адамның құрбан болғаны хабарланған болатын. Қазіргі уақытта 35 адамның жеке тұлғасы анықталды. Соңғы мәліметке сәйкес, ұшты-күйлі жоғалғандар саны 292 адамды құрап отыр. Тағы 382 тұрғын аман-сау табылған.
Металлургиялық өнеркәсіп қалдықтары бар суды ұстап тұрған бөгет жұма күні бұзылған болатын. Жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Бірнеше ғимарат лай көшкін салдарынан қирап қалды. Минас-Жерайс штатының билігі үш күндік қаралы күн жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы