Бүгiн 2026, 08:11 Фото: Скриншот

Бразилияда ұшақ тұрғын үйге соғылып, үш адам қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бразилияның оңтүстігінде шағын ұшақ тұрғын үйге құлап, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ G1 порталына сілтеме жасап.

Оқиға Риу-Гранди-ду-Сул штатының солтүстік жағалауындағы Капао-да-Каноа қаласында болған. Куәгерлердің айтуынша, апат орнында өрт шығып, қою түтін байқалған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақ төмен биіктікте ұшып келе жатып, биіктігін жоғалтып, тұрғын үйлердің біріне соғылған.

Әуе кемесінің бортында төрт адам болған. Олардың үшеуі – пилот пен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.